Мемлекет басшысы Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының іске қосылу мерзімінің шегерілуіне байланысты Үкіметке қатаң ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– Үшінші. Мен бұған дейін Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытын 2024 жылға қарай іске қосу туралы тапсырма бердім. Бірақ түрлі рәсімдер созылып, мердігермен келісімшартқа былтыр ғана қол қойылды. Соның салдарынан зауытты іске қосу мерзімі 2027 жылға қалып қойды. Бұл – Үкіметтің өрескел олқылығы, – деді Мемлекет басшысы.
Президент Үкіметке осы мәселені қатаң бақылауға алуды тапсырды.