Матвей Шикунов Ұлы Отан соғысында шайқасып, Латвия ауылдарын азат етуге қатысты.
Он жеті жасында майданға аттанған жауынгер
640
оқылды

 

Ұлы Отан соғысы мүгедегіеңбек ардагері Матвей Шикунов 1926 жылы 27 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Кутиха аулында дүниеге келген.

8-сынып бітірген соң Зырян қаласында жұмыс істейді. 1943 жылы он жеті жасында майданға шақырылды. Сөйтіп төрт айлық әскери дайындықтан өтіп, Бірінші Балтық жағалау фронтына жіберілген. Ол Витебскті, қалалар мен Латвия ауылдарын азат етуге қатысты.

1944 жылы шілде айында аяғынан жарақат алып, емханада ұзақ емделді. Содан денсаулығына байланысты әскери қызметтен босатылып, Глубокое ауданына қайта оралған. Ол жақта кеме жөндеу шеберханасында токарь болып істеді. Кейін Матвей Шикунов ата-анасымен бірге Зырян ауданына көшіп кетеді. Теміржолда жұмыс істеп жүріп, үйленеді. Екі баланың әкесі атанады.