Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Зияткерлік меншікті қорғау мәселесін қарайды
273
оқылды

Депутаттардың талқылауына Мем­лекет бас­шысының 2023 жыл­ғы 1 қыр­күйектегі «Әділетті Қа­зақ­станның эко­номикалық бағдары» атты Қазақстан хал­қына Жолдауын іске асыру аясында әзірленген зияткерлік меншік мәселелері бо­йынша заң жобасы бірінші оқы­лымда қарау үшін енгізіледі. 

Үкімет әзірлеген заң жобада зияткерлік мен­шікті қорғау мен оның құқықтарын қамтамасыз ету, зияткерлік меншікті да­мытуға қолайлы жағдай жасау, инвес­тициялар тарту және креативті эконо­миканы дамыту үшін қо­сымша құқықтық құралдар қарас­тырылған.

Сондай-ақ жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасына депу­таттардың бас­тамасымен әзір­ленген орман шаруашы­лы­ғы жә­не ерекше қорғалатын табиғи ау­мақ­тар мәселелері бойынша заң жо­ба­сын бірінші оқылымда қарау ұсы­ны­лады. 

Депутаттық түзетулер суармалы ауыл шаруа­шылығы алқаптарын, ауыл шаруа­шы­лығы, биоло­гиялық, ирригациялық-мелиоративтік және ба­лық шаруашылығы сала­сындағы ғылыми-зерттеу және оқу орын­да­рының тәжірибелік алқап­та­ры­ның, сондай-ақ орман және су қор­ла­ры­ның жерлерін ерекше стратегиялық маңы­зы бар су ша­руашылығы құры­лыс­тары мен сел, көшкін, лай көшкінінен қорғау құрылыстарын салу және пай­далану үшін алып қоюға рұқсат беруді көздейді.

Сонымен қатар ауылдық елді мекен­дердің және/немесе әлеу­меттік, инже­нерлік инфра­құрылым нысандарын ­ор­наластыру мақса­тымен ерекше қор­­ға­­латын табиғи аумақтардың жерлерін, инженерлік және коммуналдық қам­тамасыз ету желілерінің коммуни­кация­ларын салу үшін мем­лекеттік орман қо­рының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыруға рұқсат беруді көздейді.