Астанада Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Халықаралық форум өтті.
Мектептерде кәсіби бағдар беруші мамандардың саны артады
Фото: интернеттен алынды
1,320
оқылды

Онда отандық мамандармен қатар  Канада, АҚШ, Қытай, Гонконг, Үндістан елдерінен келген сарапшылар  пікір алмасты. Іс-шараның мақсаты – мектептер мен колледждер және жоғары оқу орындары арасындағы байланысты нығайту. Сондай-ақ, оқушыларды мамандық таңдауға бағыттау және қолдау.
Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан кәсіби бағдар беру саласын дамытуға ерекше мән берілмек. Бұл бағытта министрлік наурыз айында жаңа бұйрыққа қол қойды.
«Ол бұйрыққа сәйкес, кәсіби бағдар беруші мамандығы мектептерде міндетті болады. Яғни, бұған дейін 1200 кәсіби бағдар беруші ұсынымдық тәсілмен жұмыс жасаса, енді келер оқу жылында біз 8 мыңға жуық кәсіби бағдар беруші пайда болады деп күтіп отырмыз, – деді Еділ Оспан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.