Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тоқаев пен Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
720
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы түркітілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды. 

Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.