2020 жылдың маусымынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Астана қаласы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Астана қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Фото: Астана әкімдігі
2,145
оқылды

Елорда әкімінің орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әкімдіктің мәліметінше, бұл лауазымға 38 жастағы Ілияс Бағдәулетов кірісті. 

Ол еңбек жолын 2010 жылдан бастады, 2010 жылдан 2020 жылдың тамызына дейін мемлекеттік құрылымдарда әртүрлі лауазымдарда еңбек етті. 

2020 жылдың маусымынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Астана қаласы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. 

Соңғы жылдары мемлекеттік құрылымдарда әртүрлі лауазымдарда болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.