Алина Есенгелдиева АҚШ, Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарынан шақырту алған.
Шымкенттік оқушы шетелдегі 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі
2,271
оқылды

Шымкенттегі №41 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Алина Есенгелдиева шетелдік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Алина Есенгелдиева АҚШ, Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарынан шақырту алды. 

«Мен еңбек нарығында сұранысқа ие биомедициналық инженер мамандығына таңдау жасадым. Кейбір университеттер сұқбат өткізді. Бұл да іріктеудің бір бөлігі. Алғашқы нәтиже Наурыз айында келе бастады», - дейді А.Есенгелдиева.

Алина шақырту алған университеттер тізімі: Iowa University, College of the Atlantic, American University, University of Massachusetts Amherst, Loyola Marymount University, University of the Pacific, Michigan Tech, Clarkson University, Heriot-Watt University Dubai (Ұлыбритания университеті, Дубай кампусы), Clemson University.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.