Республика бойынша жел күшейіп, тұман болады, кейбір облыстарда аяз күтіледі.
"Қазгидромет": Ауа райы тұрақсыз болады
Фото: istockphoto
2,351
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі: жаңбыр, найзағай, түнде солтүстікте, шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тек Ақтөбе, Қызылорда облыстарында антициклон сілемінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжанды. 

24 сәуірде Солтүстік Қазақстан, Павлодар қаласында 3 градусқа дейін, 22 сәуірде Қарағанды облысында 1 градусқа дейін, 22-23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысында 1-8 аязға дейін, 24 сәуірде Ақмола, Қостанай облыстарында 1-3 градусқа дейін аяз күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.