Әскерилер Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге қызу дайындық үстінде.
Жеңіс шеруіне қатысушылардың отбасылары далалық лагерьде болды
Фото: gov.kz
308
оқылды

«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің ата-анасы, жұбайы мен балалары, бауырлары мен әпке-қарындастары елорда шетіндегі далалық лагерге барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге санаулы ғана күн қалды. Бұл соңғы жылдардағы ең ауқымды іс-шаралардың бірі. Оған төрт мыңнан астам әскери қызметші қатысады.

Шеруде ең лайықты, күшті әрі төзімді деген жауынгерлер ғана салтанатты сап түземек. Жеңіс шеруі ұрпақтар сабақтастығының символына айналып отыр.

31775 әскери бөлімі мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары майор Дәулет Қаракесековтің зайыбы кездесуден алған әсерін жасыра алмады.

 – Жұбайым үшін мұндай тарихи оқиғаға қатысудың маңызды екенін түсінемін. Әскери адамға әрдайым отбасының қолдауы қажет. Біз мұнда сол мақсатпен келіп отырмыз. Жолдың қашықтығы еш кедергі емес, – деді Айдана Қаракесекова.

Жақындарының далалық лагерьге келуі жауынгерлер үшін тосынсый болды. Дәл осындай сәттерде армияның тек әскери форма мен қатаң тәртіптен тұрмайтынын сезінесің.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.