Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовті Түркістан әуежайынан шығарып салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға 21 сәуір күні келген болатын.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Түркістан әуежайынан өзі қарсы алды.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бейресми кездесу өткізіп, Түркістан қаласындағы бірқатар нысанды бірге аралады.