Алтынның әлемдік нарықтағы бағасы шарықтап барады, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Бағалы металдың бір унциясы 3500 доллардан асты. Бұл бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Оның өсуіне доллар индексінің әлсіреуі себеп болып отыр.
Ресми Бейжің мен Вашингтон арасындағы сауда текетіресінен инвесторлардың АҚШ валютасына деген сеніміне селкеу түскен. Мамандар алтын ең тиімді инвестициялық құрал болып қала беретінін айтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.