Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Ақша бөлінді, бірақ нәтиже жоқ": Бектенов өңірлерді дамытуға бөлінетін қаржыны дұрыс игеруді тапсырды
535
оқылды

Премьер-Министр Олжас Бектенов өңірлерді дамытуға бөлінетін қаражаттың ұтымды игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Былтыр Ұлытау облысын газбен қамтуға 3,9 млрд теңге бөлінді. Алайда олардың 77 млн теңгесі ғана игерілді. Себебі неде»,  деп Премьер-Министр Олжас Бектенов Ұлытау облысының әкіміне сұрақ қойды.

«Былтыр газ құбырын салуға 3,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде Жезқазған қаласында газ тарату желілерін салуға 2,9 млрд теңге бөлінді, алайда газ тарату желілері құрылысының III кезегінің жұмыс құжаттамасын әзірлеуді мерзімінің ұзаруына  байланысты 2,8 млрд теңге игерілмеді және құрылыс-монтаждау жұмыстары жылы уақытта жүргізілуіне байланысты қаражат алынып тасталды. Осы жобаны одан әрі іске асыру осы жылға жоспарланған»,  деп баяндады Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков. 

Сондай-ақ облыс әкімнің сөзінше, Жезқазған қаласы бойынша 154,4 шақырым газ тарату желісі 3 677 үйге салынып, оның ішінде 1 583 үй газға қосылған (43%). 2025 жылы 2 094 үй газбен қамтылады. Жаңаарқа ауданы Атасу кентінің газ құбырын салуға бөлінген 1 млрд теңге қаражат сот рәсімдеріне байланысты игерілмеген. Биыл Ұлытау облысын газбен қамтуға 3,1 млрд теңге бөлінді. Бөлінген қаражатты мерзімінде игеру жоспарланған. Барлығы облыс бойынша 2030 жылға дейінгі кезеңде 18 425 үй газбен қамтылады және газбен қамту деңгейі 3,5 пайыздан 41пайызға дейін артады.

«Басқа өңірлерде қаражат жетіспейді. Сіздерге ақша бөлінді, бірақ нәтиже жоқ. Бұлай жұмыс істеуге болмайды. Әрекет етіңіз»,   деп атап өтті Олжас Бектенов.