Депутаттың айтуынша, юасқа да отандық фармацевтикалық өндірушілер дәл осындай жағдайда.
Сырқаты жазылмайтын ауруларды емдейтін дәрілер өте кеш жетеді – депутат
Amanat
559
оқылды

«AMANAT» фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа жолдаған депутаттық сауалында отандық фармацевтика саласын тұсаулаған ведомстволық рәсімдер мен созбалаң шешімдер туралы мәселе көтерді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

«Мемлекет Басшысы халыққа Жолдауында фармацевтика өнеркәсібін дамытуға ерекше назар аударып, Үкіметке еліміздегі отандық фармацевтикалық өндірістің үлесін 50 %-ға дейін арттыруды тапсырды. Ал отандық фармацевтикалық өнім өндірушілерінің іс жүзіндегі жағдайы және Министрлік пен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ұстанымы мен мәлімдеулері мүлдем әртүрлі. Жалпы Қазақстанда 97 фармацевтикалық өндіруші жұмыс істейді, оның 34-і дәрілік заттарды шығаруға және 63-і медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісіне маманданған.

Парламент Мәжілісіне отандық фармацевтикалық тауар өндірушілер тобы жүгінді. Олар Министрлік пен Комитет тарапынан фармацевтика өнеркәсібі саласындағы бюрократиялық қиындықтарға тап болып отыр»,-дейді депутат.

«Шекті бағаны бекіту созбалаңы өндірісті 9 жылға дейін тежейді»

Депутаттың айтуынша, өндірілген дәрілік заттардың саудалық атауына шекті баға бекітетін № 77, 88 және 96 бұйрықтардың тізбесіне өнім енгізу бірнеше жылға созылып кеткен.

«Компаниялар дәрілік заттарды шығарып, оларды емдеу мекемелеріне жеткізумен айналысады. Олар үшін туындап отырған проблемалардың негізгі себебі –  өндірілген  дәрілік заттардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы Министрліктің №№ 77, 88 және 96 бұйрықтар тізбесіне енгізілу процесінің негізсіз, ұзақ уақытқа созылуы. Осыған байланысты инвестициялық жобаларды іске қосу мерзімі 1 жылдан бастап 9 жылды құрайды»,-деді Ермек Беделбайұлы.

«Созбалаң шешім пациенттерге де соққы болады»

«2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Комитет негізсіз себептермен Министрліктің бұйрықтарына Компаниялар шығаратын өнімдердің тізбесін енгізу процесін ұзаққа созуда…
Осының салдарынан терапияны түбегейлі өзгертетін және сырқаты жазылмайтын ауруларды емдейтін жаңа препараттар қазақстандықтарға кідіріп, өте кеш жетеді»,-дейді ол.

Бюрократия салдарының жалпы қатері

Бұл – бюрократиның зиянынан туындайтын нақты мысал.

«Жасанды түрде жасалған бюрократиялық қиындықтар фармацевтика өнеркәсібінің қалыпты жағдайда дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, сонымен қатар жұмыс орындарының қысқару қаупін тудырады және жиынтығында банкроттыққа және өндірістердің жабылуына әкелетіні сөзсіз»,-деді депутат Қ. Балабиев.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты аталған бұйрықтарды қайта қарауды Денсау сақтау министрлігіне ұсынды.

«Отандық өндірушілер шығаратын медициналық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ведомствалық №№ 77, 88 және 96 бұйрықтардың тізбесіне енгізу мен бекіту процестерін созбалаңдыққа салмай, жеңілдету мақсатында, аталған бұйрықтарды қайта қарауды Денсаулық сақтау министрлігіне тапсыруыңызды сұраймын»,-деді ол. 

Балабиевтің мәлімдеуінше, фармацевтика саласын дамытудың басты кедергісі – өнімді шектеулі баға тізіміне кіргізудің жылдарға созылған рәсімі. Бұл ауруларды емдейтін инновациялық препараттардың нарыққа шығуын тежеп, мемлекет белгілеген 50 % отандық өнім үлесіне қол жеткізуді күмәнге қалдырады.