Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Президент Үндістанның премьер-министріне көңіл айтты
511
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның премьер-министріне көңіл айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Нарендра Модиге Үндістанның солтүстігінде орналасқан Пахалгам қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекет салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президент халыққа қарсы жасалған бұл зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын жеткізіп, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.