Қазақстанда Отандық әдебиеттегі таңдаулы 100 шығарма анықталатын болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин айтты.
– Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы елімізде кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайы бір күнді Ұлттық кітап күні ретінде бекітуге ұсынған болатын. Бұл бастама қоғамда кең қолдауға ие болып, биыл алғаш рет аталып жатыр.Кітап оқу өз алдына, қандай кітап оқу деген мәселе де өте маңызды. Бұл ретте кім нені оқып жатыр, мен не оқимын деген сұрақ алға шығады. Оқырмандар арасында кітап алмасу мәдениеті де бар екенін білесіздер. Осы орайда кітап мерекесі аясында отандық әдебиеттегі таңдаулы 100 шығарманы анықтау үшін жалпыхалықтық сауалнаманы бастадық. eGov порталы арқылы еліміздің кез келген азаматы өзі сүйіп оқитын 10 кітабын ұсына алады. Сауалнама 3 айға жалғасады, ал нәтижесі қазақ руханиятындағы тағы бір атаулы мереке – “Абай күні” (10 тамыз) жарияланады, – деді Мемлекеттік кеңесші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.