Ауыл тұрғынының бірі полицияға шағымданған соң, тәртіп сақшылары жедел тексеріс жүргізіп, күдіктінің байланыстарын зерттей бастаған.
Алматы облысында алаяқ жер алып беремін деп елді алдаған
505
оқылды

Еңбекшіқазақ ауданында жер телімдерін рәсімдеуге көмектесемін деп уәде берген 62 жастағы әйел таныстарының қалтасын қағып отырған,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz мәліметінше, кейбір зардап шеккендерден алған сомалар аса ірі болмағанымен, біреуінен 200 мың теңге, өзгелерінен 45 мың теңгеден жинаған,  жалпы 29 адам алданып қалған. Ал тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл нақты сан емес, зардап шеккендер саны бұдан да көп болуы мүмкін.

Ауыл тұрғынының бірі полицияға шағымданған соң, тәртіп сақшылары жедел тексеріс жүргізіп, күдіктінің байланыстарын зерттей бастады. Көп ұзамай бір әйелдің артынан тұтас алаяқтық схемасы ашылды.

– Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер дәлелдерді жинап, басқа да жәбірленушілерді анықтаумен айналысуда. Сондай-ақ оның өзге де құқықбұзушылықтарға қатысы бар-жоғы мұқият тексерілуде, – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Полицейлер бұл істі соңына дейін жеткізіп, барлық заңбұзушылықтар жазасыз қалмауы үшін жұмыс істеуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.