Ол қазір министрліктің қолдауымен Qazaq Culture ақпараттық-ағарту платформасы жұмыс істейтінін атап өтті.
– Платформа 8 тілде жұмыс істейді. Qazaq Culture платформасы Қазақстанның мәдени құндылықтары туралы тек қазақстандық емес, сонымен қатар шетелдік аудиторияға да ақпарат таратады. Жобаны кеңейту жөніндегі жұмыстар шеңберінде еліміздің тарихи-мәдени мұрасының цифрланған объектілері, құнды экспонаттары мен сирек кездесетін жәдігерлері бар жеке модуль іске қосылады, – деді Аида Балаева.
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ