Коронавирус қаупі: Елімізде халықаралық рейстер саны қысқартылды
Коронавирус қаупі: Елімізде халықаралық рейстер саны қысқартылды
© inform.kz
228
оқылды
Қазақстан халықаралық әуе рейстерінің санын қысқартты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты. «Коронавирустың Қазақстан аумағында одан ары таралуына жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, бір апта ішіндегі 49 тұрақты халықаралық рейс пен 84 халықаралық рейс қысқартылды», - деді вице-министр. Оның атап өтуінше, Қазақстан мен Қытай, Иран, Әзербайжан арасындағы тұрақты рейстер тоқталды. «Lufthansa» компаниясы да Қазақстанға рейстерін өз еркімен тоқтатып отыр. «Біз 16 наурыздан қазақстандық Air Astana, Scat әуе компанияларының, шетелдік Turkish Airlines, Fly Dubai, Etihad Airways, Air Arabia, Wizz Air, LOT Polish Airlines, Белавиа әуе компанияларының Германия, Ұлыбритания, Нидерланды, Түркия, Украина, Беларусь, БАӘ, Грузия, Үндістан, Венгрия, Чехия, Польшаға 68 тұрақты әуе рейсін қысқарттық. Сонымен қатар Scat компаниясының Нұр-Сұлтан-Анталия, Алматы-Анталия тұрақты рейстері де қысқарды», - деді Берік Камалиев.