Сафималиевтің айтуынша, өңірде Ассамблея мүшелерінің бірлігі мен ынтымақтастығын айшықтайтын, ұлттық тәрбие мен дәстүрді дәріптеуге бастайтын аналар кеңесі қызмет атқарып келеді.
Өңірде Ассамблея мүшелерінің бірлігі мен ынтымақтастығын айшықтайтын аналар кеңесі жұмыс істейді – Азамат Сафималиев
738
оқылды

Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтті. «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев Президенттің жиында айтқан маңызды пікірлеріне тоқталып, БҚО-да атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

– Бүгін баршаңызға мәлім, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай  еліміздің бас қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаев іс-шараға қатысып, ұлтаралық қатынастың маңыздылығы мен айрықша орын алатындығын еске салды, – деді Азамат Сафималиев. 

Сафималиевтің айтуынша, өңірде Ассамблея мүшелерінің бірлігі мен ынтымақтастығын айшықтайтын, ұлттық тәрбие мен дәстүрді дәріптеуге бастайтын аналар кеңесі қызмет атқарып келеді. Ол 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кеңес мүшелері бүгінде партия жанынан құрылған әйелдер қанатының өңірдегі мүшелерімен тығыз байланыста екенін де жеткізді.

«Бұл – бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиға. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды. Соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің қайталанбас үлгісі қалыптасты»,  деді Президент.

«AMANAT» партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы Президент елімізде жастардың бастамасымен, оның ішінде еріктілердің жұмысының айқын көрсеткіші ретінде танылған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына ерекше тоқталғанын атап өтті.

– Барлық өңірде, әсіресе елді мекендерде де тазалық жұмыстарын жүргізуге, көктем мезгілі келуімен алаңдар мен көшелерде, саябақтар мен алаңдарда сенбіліктер ұйымдастырылып, экологиялық сауатымызды жетілдірдік. Партия филиалының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында жыл басынан бері 15-тен аса сенбілік  ұйымдастырылып, 1 000-ға жуық белсенді атсалысты.

Сессияда сөз алған Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы ҰОС 80 жылдық мерейтойы туралы да тоқталып өтті. Өткенімізді келер ұрпаққа дәріптеп, ҰОС маңыздылығын айқындау – аса маңызды тақырып.  

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ардагерлерге мекенжайлық көмек пен мерекелі құттықтаулар легін дәстүрлі ұйымдастырып келеміз. Биыл «Ұрпақтар мұрасы» акциясы (ҰОС Жеңісіне арналған ескерткіштерді тазалау) жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда облыс орталығында және облыстың елді мекендерінде өткізіліп бастады.

Алдағы күндері көпшілік спорттық жарыс, «Батырлар мұрасы» тарихи көрмесі, «Жеңіс есімдері» акциясы, «Жеңіс үшін алғыс» марафоны,  Tynys  фотоколлажын ұйымдастырамыз. Сонымен қатар Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына, Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған шаралар жоспарда бар, – деді Азамат Сафималиев.