«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясына жыл басынан бері 700-ден астам адам қатысып, 17 тонна қоқыс жиналды.
«Таза Қазақстан»: ауылда жол бойын таза ұстауға басымдық береміз
640
оқылды

Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтті. «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов Мемлекет басшысы жиындағы сөзінде ерекше атап өткен маңызды шаралардың Жамбыл облысында қалай жүзеге асырылып жатқанын баяндады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

 Биыл ел бірлігінің символына айналған, татулық пен тұрақтылықтың тірегі болған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы орайда, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы өтті. 

Бірлік, отаншылдық, тәуелсіздік және келісім мемлекетіміздің негізгі құндылықтары екенін тілге тиек еткен Қасым-Жомарт Кемелұлы халқымыздың татулығын бұзып, ел ішіне іріткі салғысы келетіндер заңға сәйкес қатаң түрде жауапқа тартылатынын баса айтты. Сондай-ақ  ол «Таза Қазақстан» акциясы үздіксіз жалғаса беретінін жеткізді. Бұл орайда, партиямыздың «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ұдайы өтіп келеді. Партияның облыстық филиалының ұйымдастыруымен жыл басынан бері 700-ден астам адам осы шараға қатысып, 17 тонна қоқыс тазалауға ықпал етті. Қазіргі таңда біз бұл акцияны челлендж ретінде қолға алып, аудан, ауыларалық жол бойын тазалауға басымдық беріп отырмыз. 

Бұдан өзге, келелі жиында Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтудің мән-маңызын айрықша атап өтті. Өздеріңіз білетіндей, партияның облыстық филиалы «Жеңістің 80 жылдығына – 80 ізгі іс» акциясы аясында «Ардагерлерге мың алғыс» әлеуметтік керуені өңірдегі барлық аудандарды аралап шықты.

«AMANAT» партиясы ел бірлігін сақтау, қоғамдық келісімді нығайту жолында Ассамблеямен бірге әрдайым қатар келеді. Бұл – біздің басты құндылықтарымыздың бірі. Алдағы уақытта да біз әрбір этномәдени бірлестікпен ынтымақтастықта бола отырып,  Әділетті Қазақстан  құру жолындағы бастамаларды қолдай беретін боламыз. Ел іші аман, жұртымыз тыныш болсын!  деп жазды Дауыл Бейсенқұлов.