Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы өтті.
Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтты
762
оқылды

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгінгі басқосудың тарихи мән-маңызы айрықша. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бұл – бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиға. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды. Соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің қайталанбас үлгісі қалыптасты», – деп атап өтті. 

Республика бойынша Ассамблеяны құрудың бастауында Шығыс Қазақстан облысы болғаны облыс жұртшылығының бұл мәселеге үлкен мән беретінін көрсетеді.

Атап айтсақ, 1992 жылы Өскемен қаласындағы Халықтар Достығы үйі (Шығыс Қазақстан облысының кіші Ассамблеясы  бүгінгі Ассамблеяның прототипі) және оның жанында құрылған «Жастар қанаты» республикада бірінші болып шаңырақ көтерді.

Осы жылдары біріккен облыстың (Шығыс Қазақстан мен қазіргі Абай облысы) ұлттық-мәдени орталықтарының жұмысын үйлестіріп, өңірдегі 105 ұлттың арасындағы достықты нығайтуға үлес қосқан аға буын азаматтарымызға алғысымыз шексіз.

Бұл ретте, 1992 жылдан бастап көп жылдар Шығыс Қазақстан облысының кіші Ассамблеясының төрағасы болған Лео Богданович Шиктің қажырлы еңбегін ерекше айта кеткен жөн.

Елдегі бірлік пен теңдік, тұрақтылық пен тыныштық, бейбітшілік пен келісім Ассамблеяның жұмысына тікелей байланысты. 

Аманбай НҰРКЕНОВ, «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары