Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке таныстырылды.
Түркістанға қайта оралған қазына
Фото: gov.kz
4,064
оқылды

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде сақталған қабірхананың оюлы ағаш есігі таныстырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Музей қызметкерлері көпшілікке есікті реставрациялау кезеңдері жайлы әңгімелеп, қалпына келтіру жұмыстарына тоқталды, сонымен қатар есіктегі жазбалардың мағынасын да түсіндірді.

2018 жылдан бері екі жыл жүргізілген ғылыми-зерттеу нәтижесі бойынша XIV ғасырдан сақталып келген қасиетті есік көнеріп, өңі сыр бере бастаған. Соған байланысты 2021 жылы есік қалпына келтіру лабораториясына реставрация-консервация жұмыстары үшін жіберілген болатын.

Бұл жоба барысында 3D-сканерлеу, рентгенография және нейтронды томография сияқты заманауи технологиялар қолданылды. Бес жыл бойғы қайта қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде, есік ғасырлар бойы қордаланып қалған шаң-тозаңнан, зиянкестерден тазартылды.  Бұл қасиетті есіктің әлі ұзақ сақталуына себеп болып, осы уақытқа дейінгі белгісіз жазуларды да оқуға мүмкіндік беріп отыр. Реставрациялаудан өткен қабірхана есігі Түркістанға қайтарылып, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей қорығында сирек жәдігерлер музейінің экспозициясына қойылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.