Қолды еткен қомақты қаржыны жеке бас пайдасына жаратқан.
Түркістандық ер адам көршісінің үйінен қомақты қаржы ұрлап кеткен
Фото: polisia.kz
1,312
оқылды

Түркістан облысында Төлеби ауданының полиция қызметкерлері пәтер ұрысын қолға түсірді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Анықталғандай, ер адам жәбірленушінің танысы болып шықты. Ол жәбірленушінің үйінде бағалы заттар барын біліп, ұрлық жасаған.

Үй иелері жоқ сәтте үйге терезеден кірген. Күдікті жатын бөлмеге кіріп, кілттеулі тұрған шкафты бұзып, ішінен 1,5 миллион теңге ақшаны алып "ізін суытқан". Қолды еткен қомақты қаржыны жеке бас пайдасына жаратқан.

Қазіргі таңда оның бұдан да басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.