Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай
Өмір үшін инновациялар: «Интергаз Орталық Азия» АҚ цифрлық дәуірде еңбек қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеді
483
оқылды

Сәуірдің 28-і – әлем бойынша Еңбекті қорғау күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн –  өндірістік жетістіктердің адам өмірі мен денсаулығынан маңызды емес екенін еске салатын күн. Сондай-ақ бұл күн – еңбек қауіпсіз­дігін қамтамасыз етудің, әр жұмысшының амандығын бірінші орынға қоюдың маңыздылығын тағы бір мәрте атап өтуге берілген мүмкіндік.

«QazaqGaz» ҰК АҚ құрамына кіретін «Интергаз Орталық Азия» АҚ үшін еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік – тек басымдық қана емес, күнделікті жұмыс барысы. Компания магистральдық газ құбырлары арқылы табиғи газды тасымалдаумен айналысады және өндірістік қауіп-қатер деңгейі жоғары нысандарда жұмыс істейді. Сондықтан жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтау міндеті барлық бизнес-процестердің құрылымына енгізілген.

Жұмыс істейтін жүйе: корпоративтік стандарттар мен тәуекелдерді басқару 

Компанияда «Қауіпсіздік және еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі», өндірістік бақылау ережелері және өрт қауіпсіздігіне қатысты корпоративтік стандарттар жұмыс істейді. Бұл құжаттар еңбекті қорғау саласындағы тәуекелдерді басқаруға, мақсаттарға қол жеткізуге және компанияның корпоративтік саясатына сәйкес міндеттемелерді орындауға бағытталған интеграцияланған басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Корпоративтік стандарттар әр филиалдың аумақтық және өндірістік ерекшеліктерін ескере отырып жасалған, басқарудың ашықтығын, заңнама мен салалық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Бұл ұжым ішінде де, сыртқы серіктестер арасында да сенімді қалыптастырады.

Әр жұмысшы өз қауіпсіздігіне жауапты

«Интергаз Орталық Азия» АҚ әрбір жұмысшының еңбегін қорғауға бағытталған нақты және орындалатын қағидалар жүйесін қалыптастырды. Жұмысшылар, соның ішінде мердігер ұйымдардың персоналы да, егер жұмыс тапсырмалары өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндірсе, олардан бас тартуға немесе тоқтатуға құқылы.

Мердігерлер – компанияның қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі. Олармен жасалатын шарттарға корпоративтік стандарттарды сақтау бойынша қатаң талаптар енгізілген. Келісім жасалмас бұрын олардың жабдықтары, персоналдың біліктілігі және қолданыстағы қауіпсіздік басқару жүйелері мұқият аудиттен өтеді.

Өмірді қорғаудың цифрлық құралы

2023 жылдан бастап компания цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізе бастады. Негізгі шешімдердің бірі – құры­лымдық бөлімшелерден бастап корпоративтік орталыққа дейін барлық басқару деңгейлерін қамтитын ав­томаттандырылған BaQylau жүйесі болды. Бұл жүйе қауіп­сіздік кедергілерінің жай-күйін нақты уақыт режимінде бақылауға, ықтимал тәуекелдерді анықтауға және жарақат­тану деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Процестерді автоматтандыру ауытқуларға жедел әрекет етуге, деректерді талдауға және қоршаған ортаны қорғау шараларының тиімділігін арттыруға жол ашады.

Денсаулықты сақтау технологиялары: қателіксіз медицина

Тағы бір маңызды жоба – автоматтандырылған медициналық куәландыру жүйесі. Ол ауысым алдындағы, ауысымнан кейінгі және рейс алдындағы тексерістерді қамтиды. Бұл жүйе субъективті қателіктерді болдырмайды, шаршау, күйзеліс немесе медициналық құрылғылармен анықталуы қиын басқа да жасырын қауіптерді айқындауға мүмкіндік береді.

Бұл тек диагностика сапасын арттырып қана қоймай, медициналық пункттердегі жүктемені азайтып, жұмысшыларға жылдам әрі тиімді қамқорлық көрсетуге септігін тигізеді.

Қауіпсіздік мәдениеті – әр жұмысшының санасында

Компания еңбек қауіпсіздігі мәдениетін дамытуға басымдық береді. Мұнда қауіпсіздік қағидаларын сақтау міндет емес, ішкі нормаға айналуы тиіс деген ұстаным қалыптасқан. Жеке жауапкершілік пен «Нөлдік оқиға – нақты мақсат» қағидатын қалыптастыру жолында нәтижелі іс-шаралар қабылдануда.

Қауіпсіздік мәдениетін дамытудың негізгі бағыттары:

• басшылардың көшбасшылығы мен белсенді қатысуы;

• жұмысшыларды үнемі оқыту;

• жоғары деңгейдегі ақпараттандыру;

• бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік;

• қауіпсіз мінез-құлық үшін ынталандыру;

• әр адамның төтенше жағдайдың алдын алуға дайын болуы.

Нәтижемен дәлелденген қауіпсіздік

2024 жылы компания QazaqGaz еншілес ұйымдары арасында өткен HSE форумында «HSE көрсеткіштері бойынша үздік кәсіпорын» номинациясында жеңімпаз атанды. Ең басты көрсеткіш – бірде-бір өндірістік жарақат немесе кәсіби ауру тіркелмеген.

Мұндай нәтиже – тәуекелдерді басқару және қауіпсіздік мәдениетін дамытуға қатысқан бүкіл команда еңбегінің жемісі. Компания басшылығы да жұмысшыларға қандай да бір қауіп төнген жағдайда жұмысты тоқтату құқығын беріп, адам өмірі – басты құндылық екенін нақты көрсетіп отыр.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ еңбек қауіп­сіздігі – жай ғана норма емес, тұрақты дамудың міндетті шарты.