Іс-шара елордалық әкімдік тарапынан жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды.
Мәжіліс депутаттары елордадағы саябақтардың бірін көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Қалалық сенбілік барысында депутаттар қарағай көшеттерін отырғызды. Мұндай іс-шаралар дәстүрге айналды.«Таза Қазақстан» – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды экологиялық бастамасы. Ол бүкіл ел көлемінде нағыз қоғамдық қозғалысқа айналды. Оның мақсаты – тек аумақтарды тазалау ғана емес, қоғамда таза әрі экологиялық тұрмыс-салтын қалыптастыру. Акцияға еліміздің барлық өңірі қолдау көрсетті. Оған жастар, зейнеткерлер, қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері қатысуда. Бүгін біз депутаттармен бірге өз үлесімізді қосып, астанамызда ағаштар отырғыздық», – деді Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов.
«Таза Қазақстан» жобасы Президенттің бастамасымен бір жыл бұрын басталды. Қаланы көгалдандыруға бағытталған бұл науқан Астанада «Жасыл аймақ» деген атаумен өтуде.