Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысы академик Сейіт Қасқабасовтың туыстарына көңіл айтты
561
оқылды

Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы Сейіт Қасқабасовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– Сейіт Асқарұлы ұлт руханиятын ұлықтап, қазақ ауыз әдебиетін терең зерделеуге бар саналы ғұмырын арнаған зиялы тұлға еді. Әсіресе, отандық фольклортануға өлшеусіз үлес қосты. Іргелі еңбектер жазып, ұлағатты ұстаз ретінде көптеген шәкірт тәрбиеледі. Өнегелі өмір сүріп, соңына рухани мол мұра қалдырған Сейіт Асқарұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды, – деп жазылған жеделхатта.