Ж.Молдағалиев көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады.
Астанада тағы бір көшеде қозғалыс шектеледі
Фото: gov.kz
788
оқылды

Астанада Е-41 көшесінен Е32 (Әйтеке би) көшесіне дейінгі учаскеде Ж. Молдағалиев көшесінің құрылысы  жобасын іске асыру басталады, – деп хабарлайды Аikyn.kz  елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Ж.Молдағалиев көшесінің құрылысы бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабардар етеді. Осыған байланысты, 2025 жылғы 29 сәуір мен 30 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске бойынша қозғалыс толығымен жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс баламалы көшелер мен кварталішілік өткелдер бойынша ұйымдастырылатын болады.

Автобус маршруттарындағы өзгерістер схемасымен қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен бағыттауыштар орнатылатын болады, – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.