Павлодар облысы ПД жедел уәкілдері ұзақ уақыт бойы жоғары оқу орындары мен колледж студенттерін бопсалаумен айналысқан екі адамды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Анықталғандай, бұл адамдар жас жігіттерге қоқан-лоқы мен күш көрсетіп, олардан ақша, материалдық заттар бопсалап, оларды тауарлық және ақшалай несие алуға мәжбүрлеген. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталғандардың бопсалауға байланысты 10-нан астам құқықбұзушылыққа қатысы бар, бұл олардың қылмыстық қызметінің жүйелі сипатын растайды.
ҰҚҚКБ қызметкерлері бірқатар іс-шара өткізіп, күдіктілердің кінәсін айқындап, оларды ұстауға мүмкіндік беретін дәлелдер жинады.
– Полиция өңірдегі студенттер мен жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізуді жалғастыруда. Бұл операция қылмысқа қарсы күресте және азаматтардың құқығын қорғауда біздің ұстанымымыздың жарқын мысалы, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.