Синоптиктер алдағы күндері тұрақсыз ауа райы болады деген болжам жасады.
Алдағы үш күнге ауа райы болжамы: жел күшейіп, үсік шалып, қар жауады
Фото: istockphoto
3,965
оқылды

Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтардың таулы өңірлерінде түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі.

2 мамыр күні республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде үсік сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.