Байқауға қатысу үшін ұсынымдар 2025 жылдың 2 мамырынан бастап 10 маусымға дейін қабылданады.
Руслан Желдібай: Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары беріледі
Фото: akorda.kz
1,540
оқылды

Жылдағы дәстүрге сәйкес, биыл да ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары, сондай-ақ Алғысы беріледі, – деп жазды Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасында.

Байқауға қатысу үшін ұсынымдар 2025 жылдың 2 мамырынан бастап 10 маусымға дейін қабылданады. Айта кетерлігі, үміткерлер мен шығармашылық ұжымдарды бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар ұсына алады.

Конкурсқа 2024 жылғы 1 маусым мен 2025 жылғы 31 мамыр аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады. Қосымша мәліметтер Ақорданың ресми сайтына 2 мамыр күні жарияланады, – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.