Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Таза Қазақстан» бастамасымен «TazaLike» салтанатты іс-шарасы аясында жалпыұлттық экологиялық акция өтіп, бүгін Қазақ ұлттық хореография академиясының аумағында ағаш отырғызылды.
Turaqty jol жобасы: Қазақ ұлттық хореография академиясының аумағында ағаш отырғызылды
istockphoto.com
304
оқылды

Іс-шара ұлттық әлеуметтік экокампания – Turaqty jol жобасының аясында ұйымдастырылды. Бұл бастама экологиялық мәдениетті арттыруға және жастарды тұрақты даму идеяларына тартуға бағытталған. Жол картасына сәйкес, бұл акция еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылмақ.

Turaqty jol – өскелең ұрпақтың бойында туған жерге ұқыпты қарау сезімін қалыптастыру мақсатында мәдени, адамгершілік және экологиялық құндылықтарды дарытуға бағытталған білім беру бағдарламасы. Жоба Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясымен бес сәтті циклден кейін жалғасып отыр. Оның бас серіктесі – ЦентрКредит банкі, ресми серіктесі – Chevron компаниясы, ал экокампания серіктесі – HP Global Trading B.V. қолдауымен жүзеге асты.

Инициатива келесі мекемелердің қолдауымен іске асырылады: Астана қаласы Есіл ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, Алматыдағы ЮНЕСКО-ның өңірлік кеңсесі, және Қазақ ұлттық хореография академиясы жанындағы Астана қаласы бойынша Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының өңірлік өкілдігі.

Іс-шара аясында Астана қаласы Есіл ауданы әкімдігімен бірлесіп ағаш көшеттері отырғызылып, Академия аумағы тазартылатын болады. Акция тұрақты даму құндылықтарына адалдықты көрсетіп, табиғатты сақтау жолындағы жеке үлестің маңыздылығын еске салады. Аталған кезеңнің басты ерекшелігі – оның ауқымдылығы: дәл осындай экологиялық іс-шаралар бір уақытта еліміздің 17 өңірі мен республикалық маңызы бар қалаларда өткізіліп, мыңдаған қатысушыларды біріктіреді.

Ұйымдастырушылар барлық бейжай қарамайтын азаматтарды экологиялық акцияға қатысуға және таза, жасыл болашақты құруға өз үлесін қосуға шақырады.