Синоптиктер температуралық жағдайда күрт өзгерістер күтілмейді, дегенмен ауа райы тұрақсыз болады дейді.
"Қазгидромет": Республика бойынша тұман түседі
Фото: istockphoto
900
оқылды

"Қазгидромет" алдағы күндердің ауа райы болжамы туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мамыр айының басында Қазақстан аумағында барикалық құрылымдардың тез өзгеруіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде: найзағайлы жаңбыр, желдің күшеюі, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады.

2 мамырда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аймақтарда – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Тек Қазақстанның оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжануда. Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Республика бойынша түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі, – деген болжам жасады  синоптиктер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.