Бұл жайлы елорда әкімдігі хабарлады.
Астанада Ш.Құдайбердіұлы мен А.Пушкин көшелерінің қиылысына жөндеу жүргізіледі
istockphoto.com
1,410
оқылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш. Құдайбердіұлы мен А. Пушкин көшелерінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Елорда әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, 3 мамыр күні сағат 19:00-ден бастап 5 мамыр күні сағат 06:00 дейін көрсетілген қиылыста қозғалыс толығымен жабылады.

- Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, – деп жазылған хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз