«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары 20, 22, 25, 28 және 32 мм диаметрлі арматура өзектеріне зертханалық зерттеулер жүргізуде. Сынақтар «ЗСОМС «ГРАД» ЖШҚ тапсырысы бойынша өткізілуде.
Жер сілкінісіне төзімді құрылыс материалдары сынақтан өтіп жатыр
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
1,414
оқылды

Барлығы 45 үлгі тексерілді, олардың құрамына бүтін арматура элементтерімен қатар, «GRAD» бұрандалы муфталарымен қосылған үлгілер де кіреді.


Арматура ресейлік стандарттарға сәйкес А500С класындағы болаттан жасалған. Қосылыстар өзек ұштарындағы арнайы бұранда және берік муфталар арқылы орындалды.

Сынақтар аяқталу кезеңінде. Егер оң сипаттамалар расталса, бұл материалдарды сейсмикалық белсенді аймақтарда пайдалануға арналған құрылыс құрылымдарында қолдануға ұсыным беруге болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.