Орал қаласының Циолковский көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Белгілі болғандай, 7 шаршы метр алаңда жеке заттар, қоқыс және ескі жиһаз өртенген.
– Құтқарушылар өртті жедел түрде сөндірді. Қалың түтіннің салдарынан жоғары қабаттардан қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар 9 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады, – делінген ақпаратта.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.