Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жолдың құрылысы басталады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биылғы құрылыс маусымы аясында 13 мың шақырым жол қамтылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Көлік министрлігінің мәліметінше, «Қарағанды-Жезқазған», «Ақтөбе-Ұлғайсын», «Атырау-Доссор», Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда және Рудный қалаларының айналма жолдарының құрылысы жүзеге асады.
Құрылысы осы кезге дейін басталған жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын "Қалбатау-Майқапшағай", "Күрті-Қонаев", "Қызылорда-Жезқазған" және "Ұзынағаш-Отар" жолдарының реконструкциясы жалғасады.
Ел тұрғындары жиі қолданатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орташа жөндеу бағдарламасының маңызы зор. 7 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Олардың қатарында "Жезқазған-Петропавл", "Мұқыр-Құлсары", "Қандыағаш-Ембі-Ырғыз", "Қостанай-Қарабұтақ", "Өскемен-Шемонаиха", "Өскемен-Рахман кілттері", "Орал-Атырау" жолдары бар. Бұл жұмыс бірнеше жыл қатарынан жөндеу көрмеген жолдардың жай-күйін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
Қосымша жергілікті маңыздағы 4 мың шақырымға жуық жол жөндеу жұмыстарымен қамтылады.
Қосымша жергілікті маңыздағы 4 мың шақырымға жуық жол жөндеу жұмыстарымен қамтылады.
