Шамамен 2,1 млн гектар ауыл шаруашылығы алқаптары егілді.
Оңтүстікте егіс науқаны аяқталып жатыр
баспасөз орталығы
694
оқылды

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде көктемгі егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, Түркістан облысында – 449,2 мың га, Жамбыл облысында – 306 мың га, Жетісу облысында – 292,6 мың га, Алматы облысында – 187,9 мың га жерге егін егілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі ресми парақшасында жариялады. 

Олардың хабарлауынша, егістік жұмыстары басқа өңірлерде де басталған: Шығыс Қазақстан облысында – 156,3 мың га, Абай облысында – 138,8 мың га, Қостанай облысында – 85 мың га, Ақмола облысында – 74,8 мың га, Қызылорда облысында – 52,5 мың га, Павлодар облысында – 56,9 мың га.

"Бүгінгі таңда 942,1 мың га жерге дәнді дақылдар, 242,8 мың га жерге мал азықтық дақылдар, 492 мың га жерге майлы дақылдар, 118,8 мың га жерге мақта, 71,8 мың га жерге көкөністер, 57,7 мың га жерге бақша дақылдары, 32,5 мың га жерге картоп, 15,6 мың га жерге қант қызылшасы, 26,3 мың га жерге күріш және басқа дақылдар егілді", – делінген хабарламада. 

Егіс науқанын уақытылы әрі тиімді өткізу үшін 866,8 мың тонна минералды тыңайтқыш жеткізуге шарттар жасалып, 254 теңге/литр бағамен (нарықтық бағадан 15% төмен) 401 мың тонна дизель отыны бөлінген. Биылға арналған тұқым қажеттілігі 2,3 млн тонна екен. Оның қамтамасыз етілу деңгейі – 100%.