Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалында партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының «Аграрлық сектор» бағыты бойынша облыстық мәслихат депутаты Нұрлан Серғалиевтің төрағалығымен комиссия отырысы өтті. Отырысқа Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев және комиссия мүшелері мен мемлекеттік басқарма өкілдері қатысты.
Комиссия жұмысында 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасының Батыс Қазақстан облысында іске асырылуы бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жасұлан Халиуллиннің есебі тыңдалды. Жиында сонымен қатар ауыл шаруашылығын дамытуға кері әсерін тигізетін бірқатар күрмеулі мәселелер талқыланып, олардың шешу жолдарын қарастыру мақсатында комиссия мүшелері тарапынан бірқатар тиімді ұсыныс жолданды.