Қарағанды облысында төтенше жағдай кезінде мектеп бағдарламасы өзгеріске ұшырамайды. Балалар бағдарлама бойынша зерделенуі тиіс барлық тақырыптармен танысады, ал оқу жылының үшінші ширегінде оқып үлгермеген тақырыптарды төртінші тоқсанда жалғастырады.
– Төртінші тоқсанның соңында әрбір пән бойынша жыл соңында оқылған материалды қайталауға арналған сабақтар бар. Осы сағаттардың есебінен жаңа материалды зерттейтін болады. Яғни, балаларға оқу жылы ішінде зерделеуге тиісті барлық нәрсе зерделенеді және бағдарлама өзгермейді. Оқу жоспарлары өзгереді, жекелеген тақырыптармен танысуға арналған сағаттар саны азаяды және қайталанатын сабақтар саны азаяды, бірақ бағдарламаны балалар толық меңгереді, – деп нақтылады Қарағанды қаласы Білім бөлімі басшысының орынбасары Наталья Владимировна
Алайда, оқу жылын ұзартуға қандай жағдайлар әсер ететінін болжау қиын.
– Балаларға оқулықтардағы материалды қайталап, оқу кезінде алған дағдыларын жоғалтпауын ұсынамыз. Мұғалімдердің жұмысына келетін болсақ, олар үйде жұмыс істей алады, қазір мұғалімдер бақылауларды тексереді, электрондық журналға баға қояды, күнтізбелік жоспарлауға түзетулер енгізеді, бұл кез келген компьютерде қолжетімді. Яғни жұмыс жалғасуда, – деп жалғастырды Наталья Головина.
Қаулыға сәйкес балабақша ғимараттары желдетіледі, дезинфекцияланады. Сондай-ақ ауысымда кемінде үш рет ылғалды тазалау жүргізіледі. Топ бөлмелері кварцталады. Топқа қабылдау кезінде балалар таңертеңгілік сүзгі-тексеруден өтеді.
Қарағанды қаласында бүгіннен бастап суық тию белгілері бар балалар балабақшаларға қабылданбайды.
Ләззат Қожахметова,
Қарағанды облысы.