Коронавирустан сақтанудың жолдары қандай?
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы коронавирустың алдын алуды кез келген адам білуі тиіс екенін ескертеді.
Коронавирустық инфекция деген не?
- Коронавирус — 2019-nCoV атты вирустық инфекцияның жаңа типі
- Жоғарғы тыныс алу жолдарының жеңіл немесе орташа ауруларын тудырады, бірақ пневмония түріндегі асқынуларға, сондай-ақ өлімге әкелуі мүмкін
- Иммунитеті төмен адамдарда кездеседі
- Вирустың өзі организмнің сыртында ұзақ өмір сүре алмай, бірнеше күннен кейін өледі.
- Инкубациялық кезең — 2-ден 14 күнге дейін.
- Қытайдың Ухань қаласында 2019 жылы пайда болды
- Вирус өзге елдерге саяхат пен жол жүру кезінде өтеді
- Вирус өте тез тарайды
- 27 елде 20 630 адам зардап шегіп, 492 адам қаза тапты
- Зардап шеккендердің басым бөлігі Қытайда қаза тапты
- ҚХР-де 5974 жағдай тіркелді
- Хубей провинциясының 15 қаласында карантин жарияланды. Тұрғындарға қаладан шығуға тыйым салынған
- Әуе рейстері мен автобустардың, пойыздардың кіріп-шығуы тоқтатылды
Коронавирустың белгілері:
- дене қызуының жоғарылауы;
- тұмау;
- бас ауруы;
- жөтел;
- тамақтағы қыжыл;
- әлсіздік;
- іш өту.
Диагностика:
- қан талдауы;
- несеп талдауы;
- зертханалық зерттеулер;
- ПТК.
Инфекцияның таралу жолдары:
- көбінесе ауру жұққан адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа арқылы басқаға өтеді;
- қол алысу, жанасу арқылы таралады.
Алдын алу шаралары:
- қол мен тыныс алу органдарының гигиенасын сақтау. Қолды 20 секунд бойы сабынмен жуу.
- изотониялық ерітіндімен мұрынды шаю;
- иммунитетті жоғарылату: сау ұйқы, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу; бөлмені желдетіп тұру;
- жиі қолданылатын заттарды дезинфекциялау;
- катаралды құбылыстар анықталған адамдармен араласпау;
- коронавирус тіркелген елдерге уақытша саяхат жасамау;
- адамдар көп жиналған жерге бармау.