Жазушы, публицист Мақсот Ізімұлы «Қазақстан энциклопедиясы» бас редакциясында бөлім меңгерушісі болған және ұлттық аударма бюросында қызмет еткен.
Журналист Мақсот Ізімұлы өмірден өтті
Фото: istockphoto
734
оқылды
Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығына қатысты көптеген энциклопедиялық мақалалардың авторы, белгілі журналист Мақсот Ізімұлы дүниеден өтті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы Facebook парақшасында қаламгердің достары, ақын Болат Жетекбай мен журналист Мақсат Тәж-Мұрат жазған.
Мақсот Ізімұлы 1960 жылы 27 маусымда Атырау облысы  Қызылқоға ауданының Жасқайрат (қазіргі Х.Досмұхамбетов) ауылында туған. 1983 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған.
 
Мектеп бітірген соң аудандық «Қазсельхозтехника» бірлестігінде автомобиль жөндеуші болып жұмыс істеген. Облыстық «Орал өңірі» газетінің редакциясында қызмет атқарған. «Зерде» журналының редакциясында фантастика және публицистика бөлімінде, «Ана тілі», «Заң», «Түркістан», «Аруана» газеттерінде, «Жалын» журналында, «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясында қызмет атқарған. «Арыс» баспасының бас редакторы болған.
1998 жылы «Аяқталмайтын әңгіме», 2003 жылы «Бедеріндей кестенің» атты прозалық жинақтары жарық көрген. 2004 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасы бойынша шыққан «Нарық нақыштары» деген анталогияға әңгімесі енген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.