Еліміздегі барлық ауруханада карантин жарияланды
Еліміздегі  барлық ауруханада карантин жарияланды
© Тұрар Қазанғапов
173
оқылды
Қазақстандағы барлық ауруханада карантин жарияланды.
"Бүгіннен бастап барлық медициналық ұйымда - ауруханаларда, медициналық-әлеуметтік мекемелерде, қарттар үйі мен интернаттарда карантин жарияланды. Осы мекемелерге, ұйымдарға баруға тыйым салынады. Тек медициналық қызметкерлерге рұқсат. Бұл науқастарды қорғау үшін жасалып отыр. (…) Сондай-ақ, фото мен видеоға түсіруге тыйым салынады", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 27 адамға жеткені хабарланған болатын.