Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радевті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Азия мен Еуропаны жалғайтын дара жол
297
оқылды

Шағын құрамдағы келіссөздер ба­ры­сында Қасым-Жомарт Тоқаев қа­зақ-болгар серіктестігін одан әрі ны­ғайту тұрғысынан Румен Радевтің са­­­­парына айрықша мән беретінін атап өтті.

– Болгария – Қазақстанның Еу­ро­па­дағы ең маңызды серіктестерінің бі­рі. Екі елді тамыры терең саяси және эко­номикалық ынтымақтастық бай­ла­ныстырады. Әртүрлі саладағы екі­жақты қарым-қатынастарымыз тұрақ­ты дамып келеді. Мұны сенімді саяси диалогтан, Парламенттер арасындағы нә­тижелі ықпалдастықтан, сауда мен инвестицияның қарқынды өсуінен, ха­лықтарымыздың байланысы мен әлем­дік қоғамдастықтағы өзара қол­даудан анық аңғаруға болады. Екі­жақ­ты сауда айналымының артып келе жат­қаны қуантады. Бұл – жақсы үрдіс. Біздің нарықта 60-қа жуық болгар ком­паниясы табысты жұмыс істеп жа­тыр. Қазір біз тау-кен өнеркәсібі, өн­діріс, көлік және құрылыс сала­ла­рында жемісті ынтымақтастық ор­нат­тық. Энергетика, транспорт және ло­­­­гистика, жасыл энергия, атом өнер­кә­сібі, ғарыш, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, денсаулық сақтау, ту­ризм секілді перспективті салалар бойын­ша ықпалдастықтың әлеуеті зор, – деді Қазақстан Президенті.

Румен Радев қонақжайлық та­ныт­қаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ри­зашылығын білдірді. Сонымен қа­тар елдеріміздің арасындағы се­рік­тес­тік деңгейіне жоғары баға беріп, бар­лық салада байланысты жандандыруға ниетті екенін жеткізді.

– Болгария екі ел арасындағы дәс­түрлі әрі табысты байланысты жоғары ба­ғалайды. Мемлекетіңізді өркен­де­ту­­­ге бағытталған ауқымды рефор­ма­ла­рыңыз бен көреген саясатыңызды қол­даймын. Біз Қазақстанды Орталық Азиядағы басты серіктесіміз санаймыз. Сіздердің осыған дейінгі табыс­та­рыңыз таңғаларлық: экономика­ла­рыңыз қарқынды өсіп келеді, ин­но­вация, ғылым, білім, жоғары тех­но­ло­гия салаларында зор табысқа жет­тіңіз­дер. Кеше мен Ғарыш орталығын ара­лап көрдім. Сіздердің жетістік­теріңіз­ден жақсы әсер алдым, – деді Болгария Президенті.

Тауар айналымы тұрақты өсіп келеді

Қазақстан Президенті атап өткендей, Румен Радевтің елімізге үлкен делегация­ны бастап келуі екіжақты ынтымақтастық­ты нығайтуға тың серпін береді. 

Мемлекет басшысы тауар айналымы­ның тұрақты өсіп келе жатқанын, сондай-ақ оны ұлғайтуға мол әлеует бар еке­нін айтты. Статистикаға сәйкес, биылғы төрт айда өзара сауда-саттық көлемі 83 мил­лион доллардан асты, ал былтыр бұл көр­сеткіш төрт есе артып, 375 миллион дол­ларға жеткен.

– Қазақстан экономикалық ынтымақ­тастықты әртараптандыруға және энер­ге­ти­ка, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақ­тау мен туризм салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бейіл, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент болгар компанияларымен, ин­в­есторларымен өзара ықпалдастықты қол­­дайтынын жеткізіп, бұл ретте Сауда-эко­­номикалық ынтымақтастық жөніндегі үкі­­метаралық комиссия негізгі рөл ат­қара­тынына тоқталды.

Румен Радев қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, Болгария мен Қазақстанның санқырлы ынты­мақ­тас­тығының көкжиегін кеңейтуге мүмкін­дік мол екенін атап өтті.

– Болгария Қазақстанды Орталық Азия­­дағы басты стратегиялық серіктесі санайды. Табыстың кілті – ықпалдастық­та. Екі ел, сондай-ақ Еуропа Одағы мен Қа­зақстан арасындағы қарым-қатынасты дамытуда мемлекеттеріміздің страте­гия­лық тұрғыдан орналасуына арқа сүйеуіміз қа­жет. Бұл Азия мен Еуропаны байланыс­тыруда маңызды рөл атқарады, – деді Ру­мен Радев.

Келіссөз соңында тараптар сері­к­тес­тік­ті одан әрі нығайтуға және қазақ-болгар қа­рым-қатынастарын дамытуға ықпал ететін жаңа бастамаларды жүзеге асыру ние­тін растады.

Стратегиялық сауда жолы жанданады

Сонымен қатар БАҚ өкілдері алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы, ең ал­ды­мен, Болгария Президентінің шақыр­уын қа­был алып, Қазақстанға алғаш рет рес­ми са­пармен келгені үшін шынайы ри­­­за­шы­лығын жеткізді.

– Болгария – Қазақстанның Оңтүстік-Шы­ғыс Еуропадағы маңызды әрі сенімді се­ріктесі. Біздің ықпалдастығымыз мыз­ғы­мас достық пен түсіністікке негізделген. Жал­пы, Қазақстан Болгарияны стра­те­гия­лық маңызы бар серіктес ретінде қабыл­дайды және сіздің мемлекетіңізбен қарым-қатынасты одан әрі дамытуға үлкен мән беруде. Қазақстан мен Болгария арасында дипломатиялық қатынас орна­ға­нына өт­кен аптада 33 жыл толды. Сіздің сапарыңыз осы мерейлі межеге тұспа-тұс келіп отыр. Осы уақыт ішінде біздің ел­дері­міз барлық дең­гейде өзара сенім ру­хын­дағы саяси диа­лог орнатты. Нақты шарттық-құқық­тық негіз қалыптасты. Екі елдің сауда-эко­но­микалық және инвестициялық байла­ныс­тары нығая түсті, – деді Мемлекет бас­шысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елі­­мізде тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі эт­ностар қатарында болгар ұлтының өкіл­дері де бар. Осы ерекше байланыс ха­лық­тарымыз арасындағы ынтымақтас­тықты арт­тыра түседі.

Президент қос мемлекеттің халықара­лық ұйымдар аясындағы ықпалдастығы да кеңейіп келе жатқанына тоқталды. Жан-жақ­­ты әрі сенімді серіктестік алдағы уа­қыт­­та да беки бермек.

Сондай-ақ көлік-логистика секто­рын­дағы байланысты дамыту мәселесіне назар ау­дарылды. Тараптар бүгінде стратегиялық сау­да жолының біріне айналған Транс­кас­пий халықаралық көлік дәлізі жобасына Бол­гарияның «Бургас» және «Варна» теңіз порт­тарын қосу мәселесін қарастыруға ке­лісті. Мемлекет басшысы бұл жұмысқа екі елдің Экономикалық ынтымақтастық жө­ніндегі үкіметаралық комиссиясы баса мән беру қажет деп санайды. Президент Ко­миссия аясында Көлік-логистика са­ла­сындағы ынтымақтастық жөніндегі бір­лескен жұмыс тобын құруды ұсынды.

«Қазақстан – Болгария» іскерлік кеңесі құрылады

– Бұдан бөлек, Болгарияның ғарыш­тық зерттеулер мен технологиялар, қор­ға­ныс өнеркәсібі саласындағы озық тәжі­ри­бесін зерделеп, бірлесе жұмыс істеуге дайын екенімізді жеткіздім. Елімізге Пре­­зидент Ру­мен Радевпен бірге Бол­га­рия­ның ірі кә­сіпкерлері келді. Бүгін бизнес форум өтеді, бір­қатар коммерциялық құжатқа қол қойы­лады. Бизнес-форумға біз, екі ел бас­шы­лары да қатысатын болдық. Бұл екі­жақты ынтымақтастыққа айрықша мән берілетінін аңғартады. Біз елімізде жұмыс істегісі келе­тін Болгария компанияларына қо­лайлы жағ­дай жасауға дайынбыз. Мен іс­кер топ­тар­дың ықпалдастығын нығайту үшін «Қа­зақ­стан – Болгария» іскерлік кеңе­сін құру­ды ұсындым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы мәдени-гума­ни­тар­лық, білім беру және өңіраралық бай­ла­ныс саласындағы ынтымақтастықты да­мытуға уағдаласқанын жеткізді. 2018 жы­лы София қаласында Астана көшесі пай­да болды. Енді жақын арада елордада Со­фия атты көше ашылмақ. Президенттің ай­туынша, жалпы, келіссөздер табысты өтті деуге толық негіз бар. Бірқатар маңыз­ды құжатқа қол қойылды. Жасалған ке­лі­сім­дер нәтижесінде екі елдің ынтымақ­тас­ты­ғы жаңа деңгейге көтерілмек.

Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радев­пен аймақтық және жаһандық күн тәр­ті­біндегі өзекті мәселелерді де талқылағанын айтты.

Өз кезегінде Румен Радев тараптар қы­зығушылық танытатын барлық сала бойынша екіжақты қарым-қатынасқа сал­мақты талдау жасалғанын атап өтті. Оның айтуынша, ықпалдастықты ны­ғай­туға зор әлеует бар.

– Бүгінгі келіссөздердің қорытындысы өзара ынтымақтастыққа тың серпін бере­ті­ніне сенімдімін. Транскаспий көлік дә­лі­зін одан әрі дамыту жөніндегі мемо­ран­дум­ға қол қойылуы екі ел арасындағы бай­ланыстарды ілгерілетуге ниетті еке­ні­мізді көрсетеді. Осы орайда Қазақстан мен Болгарияның географиялық тұрғыдан ор­наласуын барынша тиімді пайдалану ке­рек. Өйткені бұл бағыт Азия мен Еуро­паны жалғайды. Сонымен қатар жүк тасы­ма­лы, энергетика және цифрландыру са­ла­ларында ғана емес, мәдени байла­ныстарымызды кеңейтуде де мүмкіндік мол, – деді Болгария Президенті.

Дайындаған  Кәмила ДҮЙСЕН