Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 12 маусымда болатын Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі.
Сенат маңызды заңдар топтамасын қарайды
153
оқылды

Соған сәйкес, палата депутаттары ал­­дағы бейсенбіде «2009 жылғы 9 мау­сым­­дағы Еуразиялық тұрақтандыру жә­­не даму қорын құру туралы шартқа өз­герістер енгізу туралы хаттаманы ра­ти­­фи­кациялау туралы» заңды қарайды. Се­на­торлар атап өткендей, Хаттама Еу­ра­­зиялық тұрақтандыру және даму қо­­рын ұлттық валютадағы жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру мүм­­­кіндігімен толыққанды дербес ха­лы­қаралық ұйымға айналдыру үшін жасалған.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құ­рылысына үлестік қатысу, автомоби­ль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көр­сету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң да Се­нат отырысының күн тәртібіне шы­ғарыл­­ды. Бұл құжат тұрғын үйге қатыс­ты жасалатын мәмілелердің ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыруға, мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұру жағдайларын жақсартуға және автожол саласын жаңғыртуға бағытталған. Сондай-ақ заң­да әлеуметтік қызметтер порталы жә­не мемлекеттік сатып алу арқылы ин­ватаксиге қол жеткізуді қоса алғанда, көрсетілетін қызметтердің сапасын ба­қылауды күшейтуге арналған түзетулер қарастырылған.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қыз­метін жетілдіру, құқық қорғау ор­ган­да­рының, арнаулы мемлекеттік ор­­­гандардың, азаматтық қорғау орган­дарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қам­та­ма­сыз ету және әлеуметтік қорғау, сон­­­­дай-ақ ішкі істер органдарының қыз­­меті саласында артық заңнамалық рег­ламенттеуді болғызбау мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң мәселелердің кең спектрін қамтиды. Аталған құжат заңдарды артық нормалардан босатуға және заңға тәуелді актілер деңгейінде елде туындайтын өзгерістерге олардың нормативтік реттеу бөлігінде жедел көңіл бөлуді көздейді. Нақты айтқанда, есірткі құралдарының заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдау сияқты шараларды күшейтуге мән беріліп отыр.

Сонымен қатар сенаторлар палата отырысында «Қазақстан Республикасы­ның кейбір заңнамалық актілеріне аза­маттық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мә­се­лелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы», «Нысаналы ка­­пи­тал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» заңдарды және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық ак­тілеріне нысаналы капитал қорлары­ның және эндаумент-қорлардың (ныса­налы капиталдардың) қызметі, сондай-ақ Арал маңының қазақстандық бө­лігінің экологиялық қолайсыз аумағы мә­селелері бойынша өзгерістер мен то­­­­лықтырулар енгізу туралы» заңды қа­райды.

Іс-шара барысында бюро мүшелері Сенат комитеттерінің осы аптада өт­кізілетін көшпелі отырыстарында тал­қыланатын мәселелерді пысықтап, Пар­ламент Мәжілісінен келіп түскен заң­дарды бөлді.