Шығыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар «Өскемен-Рахман қайнары» автожолының 56-72 және 72-88 шақырым учаскелерінде жол-құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасуда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгінде жолдың өсін қалпына келтіру, құнарлы топырақ қабатын алу, жер төсемін төсеу және айналма жол салу сияқты негізгі кезеңдер аяқталды.
Қазір негізгі жол бөлігінің жер төсемін қалыптастыру және арықтарды салу жұмыстары жүргізілуде.
– Барлық жұмыс аяқталғаннан кейін бұл жол Шығыс Қазақстанның ең көрікті аймақтарының біріне апаратын жайлы, заманауи және қауіпсіз бағытқа айналмақ, – деп мәлімдеді ҚазАвтоЖол.