Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризм саласын қарқынды дамытуға тапсырма бергені белгілі. Президент: «Қазақстанда туризмнің барлық түрін дамытуға мол мүмкіндік бар, экологиялық туризмнен бастап бизнес туризміне дейін дамытуға болады», – деп нақты айқындады. Осы орайда Жамбыл облысында туризмнің түтіні тік ұшып, жүйелі жобалар жүзеге асуда. Оны бүгінде бұқара көріп, ризалығын білдіріп жатыр.
Туризмге жан бітті
216
оқылды

Қазір  Жамбыл облысының ту­ризм саласында жалпы құны 17,6 млрд теңгені құрайтын 25 инвес­ти­ция­лық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастамалар 350 жұмыс орнын құ­руға мүмкіндік береді.

Биыл туристердің сұранысына то­лық сай келетін, заманауи инф­ра­құрылыммен жабдықталған 3 де­малыс аймағын іске қосу жос­пар­лануда. Соның бірі – Тараз қа­ла­сын­­дағы «Тектұрмас» этнотарихи ке­­шенінде орналасқан «Көне қа­мал» қорғаны салтанатты түрде ашыл­­ды. 

Шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, ардагерлер, зия­лы қауым өкілдері мен шаһар тұр­ғындары қатысты.

 Мәдени кеште өңірімізге таны­мал ақындар арнау жырларын тарту етсе, А.Тоқпанов атындағы облыс­тық қазақ драма театрының әртіс­тері тарихтан сыр шертетін «Айша бибі мен Қарахан» қойылымын сах­на­лады.

Сонымен қатар қала қолө­нер­ші­лері мен зергерлерінің бұйым­да­ры қойылған көрме қонақтар на­зарына ұсынылды.

«Көне қамал» – «Тектұрмас» эт­нотарихи кешенінің жалғасы. Оның оң жақ қабырғасы жасанды тас­тармен көмкеріліп, ұзындығы 220 метр болатын қорғанмен қор­шал­ған. Мұнда ортағасырлық қор­ған­дар мен дуалдардың көріністері көр­кем бейнеленген. Алдағы уа­қыт­та бұл нысан аумағында түрлі мә­дени-рухани іс-шара ұйым­дас­тырылып, қолөнер шеберлерінің еңбегі отандық және шетелдік ту­рис­­тер мен қала тұрғындарына ұсы­нылатын болады.

Қазір өңірдегі 18 туристік биз­нес субъектісіне мемлекеттік қол­дау шаралары көрсетілуде. 

Облыста 40 туристік нысан ор­на­ласса, оларды қамтитын 10 жаңа туристік маршрут дайындалды. Бү­гінде  осы маршруттағы нысан­дар­дың инфрақұрылымын жақсар­ту жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы ұзындығы 34,8 шақы­рым­ды құрайтын 3 туристік нысан­ға апаратын жол құрылысын жүр­гі­­­зу­ге жергілікті бюджеттен қаржы қа­ралды. 

Қазір  жол салу жұмыстары қар­қын­ды жүргізіліп жатыр. Атап айт­сақ, Жуа­лы ауданындағы «Көксай Resort» демалыс орталығына бара­тын ав­тожолдың құрылысы (19,5 ша­­қы­рым) шілде айына дейін  то­лық аяқталады деп жоспарланған.

Ал Жамбыл ауданындағы «Тас­көл» туристік нысанына дейінгі 2,8 ша­қырым жол төселіп бітті. Қазір жол жиегін абаттандырып және рет­ке келтіріп жатыр.

Сондай-ақ  «Алмалы» демалыс ор­нына апаратын 12,5 шақырым жол салу көзделген. Бүгінге күнге дейін 7,5 шақырымы төселіп, абат­тан­дыру жұмыстары атқарылды. Қал­ған 5 шақырым жол құрылысын мау­сым айына дейін аяқтау жос­пар­ланып отыр. Сонымен бірге 2 де­малыс орталығына газ құбырын жүргізу (40,3 шақырым) межелен­ген. 

Шетелдік және отандық турис­тер­ге өңір туралы толық ақпарат ұсы­натын бірегей ақпараттық тер­ми­налдар халық көп жиналатын ны­сандарға – «Март» пен Firkan сау­да орталықтарына, «Әулие Ата» әуе­жайына және «Тараз» теміржол вок­залына орнатылды. Бұл терми­нал­дар қонақүйлер, тамақтану орын­дары, көлік қызметтері, кө­рік­ті жерлер мен туристік мар­шрут­тар туралы толық мәліметті «бір те­ре­зе» қағидаты бойынша ұсынады.

Міне, осылайша Әулиеата же­рінде, Тараз төрінде туризм саласы то­ты құстай түрленіп, туристердің лек-легімен ағылуына жол ашуда. Бұл сөз жоқ, өңір туризмін дамытып қана қоймай, облыс экономикасын еселеп өсіретіні анық. Ал одан әлеу­меттің әлеуеті артатыны тағы ай­қын. 

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы