Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін бе?
Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін бе?
© 24.kz
484
оқылды
Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Қытайда өмір бойына сотталған қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылса, рақымшылыққа ілігуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды 24.kz. Ахметжановтың айтуынша, қазір отандасымыз Қытай сотының үкімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген. Осы процесс аяқталған соң Бас прокуратура өкілдері отандасымызды елге қайтарып алу мәселесімен айналысады. Қазір Қазақстан мен Қытай арасында сотталғандарды экстрадициялау туралы келісім бар. Соның негізінде Ақжарқын Тұрлыбайды елге алдыруға болады. Егер елге қайтып, рақымшылық науқаны өткізілсе, істі болған қазақ қызына кешірілім берілуі әбден мүмкін. Біздің тарап қазір Қытай сотының шешімі заңдық күшіне енгенін күтіп отыр. «Біз ресми түрде Қытай мемлекетіне ондай арыз-шағым түсіп жатқан кезде егер ол кісілер жазасын Қазақстанда өтейміз десе, сұрау жібереміз. Біздің шарттар бойынша, егер Қазақстанда рақымшылық болса, әрбір келісімде әр түрлі жазылған (қандай мемлекетпен қалай келісеміз), ондай мүмкіндіктер бар толық», - деді  ол.