Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қоғамдық көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстан Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында белгілі болды.
"19 наурызда сағат 00:00-де енгізілетін шаралар: адамдардың қозғалысына, сондай-ақ көлік құралдарының кіріп/шығуына шектеу қойылады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимі енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.