Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустың таралуына байланысты 19 наурыз 00:00-ден бастап карантин енгізіледі.
«Автовокзалдарда қалааралық автобустардың қозғалыстарына тыйым салынды. Елорда аумағына кіріп-шығатын жерлерде шектеу қойылады. Сонымен қатар барлық қалаға кіру-шығу орындарында көлік түрлері үшін коронавирустық инфекцияға күдікті адамдар немесе жұқтырған адамдарды анықтау үшін қосымша пунктілер орнатылады», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
Қазіргі уақытта 32 адамның коронавирустың жаңа түрін жұқтырғаны анықталды. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин енгізілді.
Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті ел аумағында төтенше жағдай жариялап, қазақстандықтарға телевизиялық үндеу жасаған болатын.