Парламент Сенатының қарауына Жоғарғы сот судьялары Досжан Сарманқұлұлы Әмірді отставкаға шығуына байланысты және Герман Кәрімұлы Нұрбаевты басқа қызметке сайлануына байланысты қызметтерінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізілген, – деп хабарлайды Aikyn.kz Жоғары Сот Кеңесіне сілтеме жасап.
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Парламент Сенатының отырысында сөйлеген сөзінде Досжан Сарманқұлұлы Әмір зейнеткерлік жасқа толғандығын, судьялық жұмыс тәжірибесі мол (36 жыл астам), бірнеше облыстық соттардың төрағасы болғанын атап өтті. Досжан Сарманқұлұлының судьялар қауымдастығында беделі зор. Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы.
Жоғарғы соттың тағы бір судьясы Герман Кәрімұлы Нұрбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық соты пленумының 2025 жылғы 10 маусымдағы қаулысымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық сотының төрағасы болып сайланды.
Парламент Сенатының депутаттары Мемлекет басшысының ұсынымы бойынша, Жоғарғы сот судьясы Досжан Сарманқұлұлы Әмірді отставкаға шығуына байланысты және Герман Кәрімұлы Нұрбаевты басқа қызметке сайлануына байланысты қызметінен босатты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.